Экомед Шымкент клиникасына - 10 жыл! Отбасылардың бала сүю арманын жүзеге асырып келе жатқан медициналық орталық мерейтойын атап өтті. Осы жылдар ішінде клиника көмегімен 10 мыңға жуық сәби дүниеге келген.


Мерейтойдың ең басты қонақтары - ЭКО бағдарламасы арқылы өмірге келген сәбилер. Балаларға арналған фотосессия, ойын-сауық және мерекелік шаралар ұйымдастырылды.


ЗУХРА ЖАНТАЕВА, «ЭКОМЕД-ШЫМКЕНТ» КЛИНИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, РЕПРОДУКТОЛОГ-ДӘРІГЕР

 Міне бүгін үлкен мерейтойымызды атап өтіп жатырмыз. Яғни, 10 жылдығымызды. Бедеуліктен ем алған пациенттердің саны 10 мыңға жуық. Сонымен қатар, біз Экомед клиникасында квота бойынша, және ақылы түрде де жұмыс атқарамыз. Тек эко программасы емес, бедеуліктің барлық түрімен, консервативті емменде жұмыс жасаймыз. 


Сәбилердің ата-аналары да клиника ұжымына ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.


 ЭЛЬНОРА МҰРАТҚЫЗЫ, КЛИНИКА ЕМДЕЛУШІСІ

 Экомед Шымкент ұжымының 10 жылдық мерекесі құтты болсын. Жылдан жылға көркейе берсін, өте керемет клиника. Қанша отбасының армандарын орындап жатыр, алғысым шексіз. Зухра Батырханқызы менің дәрігерім болды, Қасиет медсестра өте жақсы жандар. Қолынан келген бізге аянбай көмектесті. Біздің баламыз міне Жомарт дүниеге келді. Бүгінде 1 жас 7 ай болды. 


 Мерекелік шараға «Экомед» клиникалары желісінің ғылыми жетекшісі, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова қатысты. Ол бірнеше сәбидің тұсауын кесті.


 САЛТАНАТ БАЙҚОШҚАРОВА, «ЭКОМЕД» АДАМ РЕПРОДУКЦИЯСЫ КЛИНИКАЛАРЫ ЖЕЛІСІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ

 Жалпы енді біз ақылыда, МӘМС жүйесіменде жұмыс істейміз. Жұмысымыз өте жемісті. Келген ата-аналарға айтып жатырмын. Сіздерге жаратушы үлкен сынық берді, ұрпақсыздықпен күрестіңіздер. Қанше еңбек, қанша қаражат керек болды. Шыдам, сабырлық арқасында, біздің мамандардың күшіменен бақытты ата-ана болып отырсыздар. Шын мәнінде сіздер батыр әке, батыр анасыздар. Осындай қиындықты жеңген.


Экомед Шымкент – экстракорпоралды ұрықтандыру қызметін көрсететін жетекші медициналық ұйым. Биыл шаһар бойынша ЭКО қызметіне 400-ден астам квота бөлінген. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында бұл көмек түріне сұраныс артып келеді.