«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда. Бір уақытта қаланың 5 ауданында тазалық шарасы өтті. Бір ғана Абай ауданының Қызылжар шағынауданында өткен шараға 100-ден астам адам қатысты.


Қызылжардағы тазалық жұмыстарына аудандық ардагерлер кеңесі, ерікті жастар, тұрғындар және аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Сондай-ақ, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері де игі іске үлес қосты.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық акциясын жариялаған болатын. Соның аясында AMANAT партиясы “Таза бейсенбі” акциясын жалғастырып жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін 75 акция ұйымдастырылды, 70 тоннадан астам қоқыс тазартылды.


Тазалық әр адамнан, әр отбасыдан басталу керек. Ауданның ардагерлері осы сөзді көпшілік арасында жиі айтады. Бұл жолы да қариялар өзгеге үлгі болып, акцияға белсене атсалысты.


 БАСТАРХАН БАЙЖАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР ШАҒЫНАУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Тазалық дегенді тұрғындарға көшеде айтып көрсету керек. Таза жерде береке болады. Есігінің алдын жинап жатқанын көрген тұрғындар да ұялғанынан тазалыққа шығады. Менің айтарым — қаламызды таза ұстайық.


 Жалпы 100-ден астам адам Сарыкөл көшесінің бойын ретке келтіріп, шөп ору, инертті материалдарды тазалау және қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді. Абай аудандық коммуналдық мекемесінің жұмысшылары да санитарлық-тазалық жұмыстарын атқарды. Жалпы 3 техника жұмылдырылған.