Әлеуметтік желілерде қоғамдық көліктерге сыймай әбігер болған халықтың бейнежазбалары тарады. Белсенділер жолаушылар көлігін көбейту қажетін айтады. Алайда, жауаптылар автобустарды еселеп, жүру жиілігін арттыру үшін жолаушылардың көптігін дәлелдеу қажет, - дейді.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Шаһарда 270 мың оқушы бар. Жеткіншектерге қоғамдық көлікте жүру тегін болғандықтан басым бөлігі жолаушы картасын пайдаланбайды. 30 мыңға жуық шәкірт қана карта сатып алып, тіркеуден өткен. Басқа да оқушылар автобус қызметін қолдануы мүмкін. Бірақ, карта басып, тікеуден өтпеген соң олар жолаушы санатына енбей отыр.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
– «Мектеп директорлары осыған қатысты жұмыс атқарып, әр балаға карта тіркеуі керек еді. Бұл жұмыс өз деңгейінде атқарылмаған екен. Біз бұл кемшілікті мойндаймыз. Сәйкесінше, білім басқармасына тапсырма беріп отырмыз. Бұдан кейін карталар дер кезінде алынатын болса, жолаушылар ағынының ұлғайғанын байқайтын болсақ...» «Біз осы фактілерді барынша болдырмауды бақылайтын боламыз.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Кәсіпкерлік идеяларға 1,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз гранд беріледі. Ол үшін қатысушы 20 қазан мен 3 қараша аралығында Business.enbek.kz порталына өтінім жолдауы тиіс. Арнайы жасақталған комиссия идеяларды сұрыптап, үздік деп танылған 93 қатысушыға гранд береді.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
– «Бұған жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған, бірақ үш жылдан көп емес тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, тіркеу мерзімі үш жылдан аспауы керек. Мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы аналар, қандас мәртебесі бар азматтар қатыса алады.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Мемлекет қолдау ретінде берген қаражатты кәсіпкер несие өтеу, тұрғын үй, жер сатып алу, акцизделетін өнім шығару үшін пайдалана алмайды. Қайтарымсыз гранд құрал-сайман, жабдық, мал, тұқым, көшет сатып алу, жалға алу шығындарын жабу үшін беріледі.