Шымкенттік науқастар жерде жатыр. Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде осындай мазмұндағы бейнежазба тарады. Видеодағы азаматтың айтуынша, жағдай Шымкент қалалық жұқпалы ауырулар ауыруханасында болған. Онда емделушілердің палатаға сыймай, еденде жатқаны көрсетілген.


 – «Міне ауыруларды дәрігерлер жерде жатқан жерінде көріп жатыр. Дәрігерлердің кінәсі жоқ. Шұғыл жағдайда неге 1,5 млн тұрғыны бар Шымкентте қосымша палаталар бөлінбейді?»


Оқиғадан соң ауырухана өкілі әлеуметтік желіге бейнежазба жариялап, мәселенің шұғыл шешілгенін хабарлаған.


 – «4 бөлімше. Дәліз таза.» 


Мәселеге қатысты қалалық денсаулық сақтау басқармасы да ресми мәлімдеме жасап, жағдайдың ретке келтірілгенін айтты.


Шымкент қалалық инфекциялық ауруханасында науқастар санының күрт өсуіне және төсек орынның жетіспеушілігіне байланысты штаттан тыс жағдай орын алған болатын. Қысқа мерзім ішінде қажетті ұйымдастырушылық шаралар қабылданды. Барлық науқастар санитариялық нормалар мен талаптарға сәйкес палаталарға орналастырылды.

Қазіргі уақытта жағдай толық тұрақтандырылды.