Қарқынды дамыған өркениетке мәдениет зорға есептеледі. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мәселесі күн тәртіптен түспеу керек. «Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» атты халықаралық форумда салт-дәстүр, әдеп-ғұрып мәселелері әңгімеге арқау болды.

КСМ:жұртшылық назарына ұсынылып, қолөнер бұйымдарын жасау тәсілдері көрсетілді. Пленарлық сессияда сөз алған қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қожахмет жастар тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың маңыздылығын атап өтті.

МЕКЕНХАН ҚОЖАХМЕТ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Отан отбасыдан басталады дейді. Әрбір осындағы азамат өзімізден — отбасыдан, үйдегі балаларымызды ұлттық құндылықтармен тәрбиелейтін болсақ, егемен еліміз мәңгілік болады. Ұлы тұлға Өзбекәлі Жәнібеков атамызды білмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Оның ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше еңбектері бар.

 Ұлттық құндылықтар - елдің түп тамыры, өзегі, ел дамуының шамшырағы. Сондықтан құндылықтарды қорғау ортақ парыз екенін Ұлттық құндылықтар академиясының төрағасы тілге тиек етті.

ӘДІЛХАН ДҮЙСЕБЕК, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Ел мен жерді қорғау парызымыз. Ал енді ұлттық құндылықтарымыз дегенде әрқайсымыздың жүрегіміз дірілдейтін заман болады деп ойлаймын. Сондықтан жүректің дүрсілімен құндылықтарды қорғау — парызымыз.

Форумда «Құндылықтарға негізделген мазмұндық концептілердің ғылыми-педагогикалық практикада іске асыру тәжірибелері» тақырыбында баяндамалар жасалды. Заманауи мүмкіндіктер мен сын-қатерлер тұсында ұлттық құндылықтардың танымдық тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.