Көне шаһар Түркістан күн сайын жаңарып, гүлденіп келеді. Қасиетті қаланың қақ ортасында орналасқан «Керуен сарай» кешені бүгінде туристер мен тұрғындардың сүйікті мекеніне айналған. Архитектурасы келіскен нысанды көру үшін тек еліміздің ғана емес, шет мемлекеттерден де азаматтап келіп жатыр.
2021 жылы қолданысқа берілген «Керуен сарай» тек демалыс орны ғана емес, Түркістанның туризм айнасына айналып отыр. Мұнда театрландырылған шоулар, ұлттық өнер жәрмеңкелері мен мәдени шаралар тұрақты түрде өтеді. Еліміздің әр өңірінен келген туристер нысанның құрылысына таңдай қағып, тамаша әсер алғанын айтады.
--- Бірінші рет келуім.Астана қаласынан келгенбіз.Біз үшін бәрі әдемі.Күшті сезімде отырмыз.Ауа-райы да тамаша болып тұр бүгінгі.
--- Керуен сарайдың ішінен барлығын таба алады екенбіз.Тамақтанатын орындар, өзіңізге киімдер, скидкалар бар оның ішінде.Кез-келген нәрсені табуға болады негізі.
--- Керуен сарайының әрбір детальдары тарихи нәрсені бейнелеп тұрғандай болып көрінеді.
--- Менің қатты таңқалғаным---заманауи бутиктар, киім сататын жердің бәрі кесенемен байланысқан. Бұрын соңды көрмеген зат болмағаннан кейін бізге ерекше әсер қалдырып жатыр.Жасанды суды айтады ғой «Заманауи Венеция», «Қазақстандағы Венеция» деп.Туристі тарту үшін жасалған ең қолайлы іс деп ойлаймын.
Түркістанның көркі мен келбетін айшықтай түскен «Керуен сарай» — өткен мен бүгіннің тоғысқан тұсы болып отыр. Ал тұрғындар үшін бұл нысан рухани орда мен заманауи өмірдің үйлесімі ретінде көрініс табады.