Төлеби ауданының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту мәселесі қаралды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауданның мүмкіндігі толық пайдаланылмай отырғанын айтып, аталған құжатты жетілдіре түсуді тапсырды.

 Жиында Төлеби ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сержан Дүйсебаев даму жоспарын таныстырды. Жалпы өңірлік өнімнің көлемі былтыр 145 млрд. теңге болса, биыл 149,8 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Тиісті жұмыстар арқылы 2030 жылға қарай жалпы өңірлік өнім 369 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр. Десекте табиғаты шұрайлы аймақ туризм саласын дамытуға қолайлы. Өңір басшысы осы мүмкіндікті пайдаланып, аймаққа келушілерге қолайлы жағдай жасау керектігін қадап айтты. Потенциалды пайдалану керектігін ескертті.

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Жоспар керек просто так бермеңіздер Бәрін тіркеу керек демалыс аймақтарының бәрін Туризм саласы жоғары болу керек бәрінен. Ауылшаруашылығы саласынан да өндірістенде жоғары болу керек.