Шымкентте діни-радикалды жат ағымдармен күрес күшейген. Жастарды дұрыс бағытқа жетелейтін жиындар көбейгенімен дәстүрлі діннен алшақтап жүргендер азаймай тұр. Мамандар интернет желілеріндегі жұмысты жандандырғанымен әлеуметтік желідегі қаралым көңіл көншітпейді. Денсаулық сақтау саласында да ауызтолтырып айтарлықтай көрсеткіш жоқ. Бұл туралы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды.

 Дін өте нәзік сала. Қасыңда жүрген қатарластың ойы қай арнаға бұрып тұрғанын байқамайсың. Сондықтан мамандар, әсіресе, діни орындардағы тексерісті күшейтікенін алға тартып отыр. Жастар жиі қолданатын әлеуметтік желілердегі діни көзқарас жарнамасының белсенділігін арттырған.

 БАҚТИЯР ӨНЕРБАЕВ, ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазір басқарманың әлеуметтік желідегі жазылушылары 27440 тан 11816 адамға артып отыр. Қаралымы 40 мыңға жетті. Террористік имунинниттті қалыптастыру мақсатында әуежай мен темір жол вогзалында халық көп шоғырланатын орындарда арнайы билбордтардың санын арттырды.

 Иә, атқарылған жұмыс ауқымды. Нәтиже қандай? Басқарма басшысына жолданған осы сауал талай мәселенің бетін ашқандай. Мамандар шаһарда діни ахуалға қатысты бірнеше орынды анықтаған. Соған сәйкес олармен жұмыс жүргізу қарқыны күшейген. Кеңес мүшелері қаладағы үлкен сауда нүктелерін де нысанаға алуды ұсынды.

 БЕЙСЕНГҮЛ НАРЫМБЕТОВА, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ

Сіз мынау Рахима Плаза сауда үйіне барып көрәдіңіз ба? Сол жер қаладағы мұсылман заттарын сататын жалпы осы орамалды насихаттайтын орынға айналған. Сыртына дәп-дәу қылып Хиджап деп жазып қойғанының өзі ойландыратын мәселе емес па?

 Мамандар негізгі күш құқық қорғаушылармен, ҰҚК бірлесе жүріп жатқанын алға тартып, кейбір құпия ақпараттар жарияланбайтынын тілге тиек етті. Ал денсаулықтың мәселесі тым басқа. Қазір шаһар ауруханаларында науқастарды емдеуге арналған төсек тапшы.

 НҰРЛЫБЕК АСЫЛБЕКОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Жыл басынан бері Шымкентте бала өлімі тіркелмеген. 1 ана бақилық болған. Барлық бағыттағы көрсеткіштер жақсарып, өмір сүру деңгейі ұзарған. Өкініштісі сол, туберкулезден көз жұмғандардың саны еселенген. Мамандар мәселені басқа арнадан іздеп отыр.

 ГҮЛНАР ҚҰРМАНБЕКОВА, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ

Сіздер айтып отырсыздар басқарма анау-мынау деп, жоқ, ол экологияға, ішкен суымызға, жеген тамағымызға тікелей байланысты емес па? Соны түсінуіміз керек. Иә, мамандар жұмыс істеп жатыр, көрсеткіш жақсы, критерий көп бірақ.

Ақжолтай жаңалық! Шымкентте 2025 жылы көпбейінді тағы бір аурухана ашылады. Мамандар 800 орындық Университеттік аурухана салудың алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Игіліктің бәрі халықтың жайлы өмір сүруі жолында қолға алынған.