Негізгі Жаңалықтар МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕНДЕР КӨБЕЙДІ

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕНДЕР КӨБЕЙДІ

Бір апта ішінде полицейлер мас күйде көлік жүргізудің 200-ден астам фактісінің жолын кесті. Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.


 Жеті күнде полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың 10 мыңға жуық фактісін анықтаған. Оның ішінде көлік құралын мас күйде басқарудың 201 фактісі бар.


ШҰҒЫЛА ТҰРЛЫБЕК, ІІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Дрифт жасап, өрескел заң бұзатындар да назардан тыс қалмады. Бір апта ішінде мұндай фактілер Астана, Қостанай және Шымкент қалаларында анықталып, жолы кесілді..Шымкентте 18 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі дрифт жасап, түнгі уақытта тыныштықты бұзған. Ол да 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Сондай-ақ, 21 қыркүйектен бері республика бойынша 13 мыңнан астам заңсыз жазу мен граффити жойылды. Алты мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды. Ең ауыр төрт факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның біреуі - вандализм үшін, үшеуі - есірткі жарнамасына қатысты.

Бөлісу