Негізгі Жаңалықтар ҚОСЫМША ЖАНАРМАЙ БАКТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

ҚОСЫМША ЖАНАРМАЙ БАКТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 500-ден астам фактісі анықталды. Ішкі істер министрлігі жанар-жағармай материалдарының ел аумағынан заңсыз шығарылуының жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.


48 автокөлік өткізу пунктінде полиция қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Қосымша жанармай бактарымен жабдықталған көлік құралдарына ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері жалпы сыйымдылығы 150 тоннадан асатын қосымша бактарды заңсыз орнатудың 537 фактісінің жолы кесілді. Мәселен, көршілес мемлекеттің азаматы жүк көлігіне рұқсатсыз көлемі 500 литр болатын қосымша бак орнатқаны анықталды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бак алынып тасталды. Жанар-жағармай материалдарының елден заңсыз шығарылуының жолын кесу жұмыстары жалғасуда.


Бөлісу