ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАР СЫНҒА ТҮСТІ
Шымкентте талантты балалар бас қосты. Бүлдіршіндер өнерін ортаға салып, өзара сынға түсті.Жыл сайын ұйымдастырылатын байқауға 460 оқушы қатысып, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.
Қалада дәстүрлі түрде өтетін байқау бұл жолы ұстаздар күніне орай ұйымдастырылды.Талай талаптының қанатын қатайтып, талантын шыңдауға үлес қосқан тәлімгерлердің еңбегі ерекше аталды. Байқауда бүлдіршіндер көркем сөз оқып, төгіле би билеп, әуелете ән шырқады.Шымкент пен Түркістан облысының жастары өнерлерімен ерекше көзге түсті.
АЙГЕРІМ КӘРІМБАЕВА, ҚАТЫСУШЫ
Біз хореография бағыты бойынша қатысып жатырмыз.Хамит мырза ұйымдастыратын байқауға үнемі қатысамыз.Жоғары деңгейде өтеді.Қазақстанда таланттылар көп екенін көріп, тамсанып, байқауды жоғары бағалап қайтамыз.
Шәкіртіне білім беріп, өнерге баулып жүрген ұстаздардың еңбегі қашан да ерекше.Байқау ұйымдастырушылары жеңіске жеткен балалардың жетекшілерін де ұмыт қалдырмайтынын жеткізді.
ХАМИТ МҮТӘЛИЕВ, «ALEM ART» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Байқау ұстаздар күніне орай өтіп жатыр.Оған ұстаздардың өнерлі балалары қатысады. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталады.Сол жеңімпаздарды дайындаған ұстаздарға да сый-сияпаттар береміз.
«Таланттылар алаңы» деп аталатын байқау алдағы уақытта да ұйымдастырылады.Мұнда талай бүлдіршін сахнаға шығып, өнері арқылы танылуға мүмкіндік алады.