Негізгі Жаңалықтар ШЕТЕЛГЕ АҚША АУДАРУ КӨЛЕМІ 2,6 ЕСЕ АЗАЙДЫ

ШЕТЕЛГЕ АҚША АУДАРУ КӨЛЕМІ 2,6 ЕСЕ АЗАЙДЫ

Қазақстаннан шетелге жіберілетін ақша көлемі айтарлықтай қысқарды. Тамыз айында бұл жүйе арқылы 27,9 млрд теңге жөнелтілген.


Finprom сарапшыларының дерегінше, шілдеде сыртқа аударылған қаржы көлемі 56,4 млрд теңгеден асқан. Ал тамызда бұл сома 27,9 млрд теңгеге дейін төмендеді. Жылдық көрсеткіш те елеулі өзгерісті көрсетіп отыр. Былтыр тамызда Қазақстаннан сырт елдерге 72,7 млрд теңге жөнелтілген болатын. Биыл осы кезеңде аталған сома 2,6 есе қысқарып, 27,9 млрд теңгені құрады. Сарапшылар келтірген бұл деректер халықаралық ақша аударымдары нарығында соңғы айларда айтарлықтай өзгеріс болғанын көрсетеді.


Бөлісу