Негізгі Жаңалықтар ШЫҒАРМАШЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МҮМКІНДІК

ШЫҒАРМАШЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МҮМКІНДІК

Шымкенттік кәсіпкерлер отандық және шетелдік креаторлардан кәсіби кеңес алып, апта бойы біліктілігін шыңдайды. Үздік жобалар Астанада өтетін қорытынды кезеңге жолдама алып, инвестор тартуға мүмкіндік алады.

CREATIVE SHIFT жобасы кәсіпкерлерге, шығармашыл жастарға қабілетін ақшаға айналдырып, табысын еселеуге көмектеседі. Ол үшін отандық және шетелдік креаторлар апта бойы ниет білдірушілерге дәріс беріп, біліктілігін шыңдайды.

АЛМАС САҒЫНҰЛЫ, КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ ҚОРЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Жоба шығармашыл кәсіпкерлерге көп көмегін тигізері анық. Біз білікті мамандарды жинадық. Олар ниет білдірушілерге бар білгенін үйретіп, бағыт-бағдар көрсетеді.»

Ақбота Айтбай 15 жылдан бері этно стильдегі әшекей бұйымдарын жасаумен айналысады. Ол өнімдерін жергілікті нарыққа ғана емес, Қазақстанның барлық аймағына жөнелтеді. Жуырда ғана Креатив хабтың көмегімен бұйымдарын Париж төрінде таныстырған.

АҚБОТА АЙТБАЙ, КӘСІПКЕР
«Парижде үлкен көрме өтті. Сонда өз өнімдерімізді таныстырдық. Ел жылы қабылдады.»

Жоба аясында үздік деп танылған жұмыстар Астана қаласында өтетін қорытынды кезеңге жолдама алады. Онда кәсіпкерлер қосымша білім алып, инвестор тартуға мүмкіндік алады.


Бөлісу