Негізгі Жаңалықтар «САЙРАМ МАРАФОН – 2026»

«САЙРАМ МАРАФОН – 2026»

Сайрам ауданында «САЙРАМ МАРАФОН – 2026» жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Биыл екінші рет өткізілген марафонға 500-ге жуық адам қатысты.


Жеті шақырымдық марафон Сайрам ауданында дәстүрге айналып келеді. Марафоншылар Жібек жолы мен Манкент ауыл округінің шекарасынан жүгіруді бастап, Ақсу ауылындағы «Мәртөбе» алаңына дейінгі мәрені көздеді.


АРУЖАН АЛТЫБАЙ, МАРАФОНШЫ
Өзім жеңіл атлетикамен айналысып жүргеніме 8 жыл болды. Бұдан алдын Шымкент марафонға қатысып 10 шықырымда 3 орын алдым. Бүшін Сайрам марафонға келіп чемпион болдым.


Осымен екінші рет ұйымдастырылған марафонда тұрғындармен бірге аудан әкімі Мадияр Оразалиев пен құқық қорғау органдарының өкілдері де бақ сынады. Жол бойында полиция қызметкерлері қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.


 МАДИЯР ОРАЗАЛИЕВ, САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Сайрам ауданында салауатты өмір салтын насихаттау барысында, мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында нашақорлыққа қарсы марафон өткіздік. Ұзындығы 7 шақырым, 500-ге жуық адам қатысып отыр. Бұл біздің екінші марафонымыз.


Жарыс қорытындысында ерлер мен қыздар арасында үздік үштік анықталды. Оза шапқандар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.




Бөлісу