Негізгі Жаңалықтар ЖАС ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

ЖАС ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Шымкенттік жас отбасылар спорттық квестке қатысып, бақ сынады. Іріктеу кезеңіне 30 жанұя қатысқан. Олар өзін таныстырып, игі істер жасап, түрлі тапсырмаларды орындады, шығармашылық бейнеролик әзірледі. Жүзден жүйрік шыққан алты отбасы финалдық кезеңге жолдама алды.

Ақтық сында алты отбасы бақ сынады. Квест ережесіне сәйкес, жарысқа қатысушы ата-аналардың жасы 35-тен аспауы тиіс. Әр команда ата-ана мен оның екі баласынан құралды. Алты жанұя жұмбақ тапсырмаларды шешіп, Дендросаябақтың түрлі аймағында жасырылған [нақты атауын қою керек] түйіршіктерді жинады.

ӘКІМЖАН ӘБДӘКІМОВ, ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жас отбасылардың бір-біріне деген сенімін, сүйіспеншілігін арттыру. Спортқа баулу.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жанұя мүшелерінің өзара бірлігі мен сыйластығын нығайту. Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттап, татулық пен ынтымақты үлгі ету.

НҰРИСЛАМ ЖАЙЛЫМЫСОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Жас отбасыларға ерекше көңіл-күй сыйлайтын ойын екен. Жақсы көңіл-күймен қатыстық.

Қорытынды шараға финалистермен қатар, жобаға атсалысқан өзге де отбасылар қатысты. Концерттік бағдарламада әндер шырқалып, қойылым сахналанды. Квест жеңімпаздары мен жобаға қатысқан отбасылар марапатталды.


Бөлісу