Елімізде 200 мыңға жуық ерекше білімді қажет ететін бала бар. Оларды тәрбиелеуде қоғамда кездесетін кедергілер барма? Ерекше балаларға мемлекет тарапынан қандай жағдайлар жасалып отыр. Бұл сұрақтар «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында талқыланды.

Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту ғана мәселе емес. Оларды спортқа баулу, қосымша үйірмелерге қатыстыруда кедергілер кездеседі. Одан кейін әртүрлі диагноз қойылған балаларды қоғамға бейімдеу өз алдына бір мәселе, –дейді «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының басшысы Нұргүл Ұлжекова.

НҰРГҮЛ ҰЛЖЕКОВА, «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Біріншіден біздің қоғам ерекше балаларды қабылдауға дайын болу керек.

Шымкенттің өзінде 10 599 бала ерекше білімді қажет етеді. Бұлардың барлығы мүмкіндігі шектеулі санатына жатпайды. Арасында ентікпесі бар, жүрек ақауы, қабылдауы кенжелегендері де кездеседі. Олардың дертіне қарай білімді әртүрлі бағытта береді. Тіпті дені сау балаларға ата-аналар ерте назар аудармаса дамуы кенжелейді.

 Көшбасшы партияның бастамасымен өткен жиында өзекті мәселелер көтерілді. «Кедергісіз келешек» жобасының аясында мүгедектігі бар балаларды оңалту, жалпы білім білім беру, шығармашылық және спорттық бағыттардағы проблемалық мәселелері жан жақты талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды.