ҚОҚЫС ТАСТАҒАН ТҰРҒЫНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастаған тұрғындар жауапқа тартылды. Өңірде тазалықты сақтау мақсатында рейд өтіп жатыр.
Іс-шара кезінде полицейлер тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастаған 100-ге жуық тұрғынды анықтап, әкімшілік шара көрді. Мәселен, жолы бойындағы дүкендердің бірінің иесі сауда нысанынан шыққан қоқыстарды белгіленбеген аумаққа төккені анықталды. Аталған дерек бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Рейд барысында полиция қызметкерлері тұрғындар мен кәсіп иелеріне тазалық талаптарын түсіндіріп, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастау қажеттігін ескертті.