ҚАЛАУ ДАТҚАНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚАЙРАТКЕРЛІГІ ЗЕРТТЕЛДІ
ХІХ ғасыр. Қазақ даласындағы саяси өзгерістер мен ел тағдыры таразыға түскен күрделі кезең. Осындай алмағайып заманда билер мен датқалар халықтың бірлігін сақтап, ел мүддесін қорғауға күш салды. Солардың бірі – Қалау датқа. Бүгін Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде тарихи тұлғаның 220 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда оның өмірі мен қайраткерлігі кеңінен зерделенді. Басқосуға отандық ғалымдармен қатар Түркия мен Өзбекстаннан келген зерттеушілер де қатысты.
ХІХ ғасырда Ресей империясының әкімшілік реформалары қазақ даласындағы дәстүрлі басқару жүйесін өзгертті. Хандық билік жойылып, жаңа әкімшілік құрылым қалыптасты. Осындай өтпелі кезеңде датқалар, билер мен болыстардың қоғамдық-саяси өмірдегі ықпалы артты. Олар ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарды.
МҰСАБЕК АҚЫЛБАЕВ, Ә. ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ
Қалау датқаның 220 жылдығына арналған тарихи тақырып. Бұл өте өзекті тақырып. Осыны біз жастарға дірптеп, алдыңғы өткен тұлғалардың еңбектерін отанды қорғау жолындағы еңбектерін жастарға дәріптеу мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Бұл жерге Түркиядан профессорымыз келіп отыр. Және Қоқан мемлекеттік университетінен екі доктор мен бір профессор келіп екеуі де осы тақырыпты зерттеп жүрген ғылыми мақалалары шыққан, монографиялары шыққан. Сонымен таныстырып осы Қоқан қандығы кезеңдегі тарихтардың барлығын бүгін бізге баяндап берді.
Қалау датқа – тарих қойнауында есімі сақталғанымен, өмір жолы әлі де терең зерттеуді қажет ететін тұлғалардың бірі. Ғалымдардың айтуынша, оңтүстік өңірдегі датқалардың нақты саны, атқарған қызметі мен басқарған аумақтары туралы деректер жеткіліксіз. Сондықтан тарихи мұрағаттарды ақтарып, тың мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу маңызды.
ТҰРСЫН ХАЗІРЕТӘЛІ, Қ. ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАРИХ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ
Қазір оңтүстік өңірде қанша датқа болды олар қандай қызметтер атқарды осылар жөнінде бізде толық мәтімет жоқ. Ал бірақ ол датқалардың арасында Қырғыздың Құрманжан датқасы сияқты айтулы елге қорған болған датқалар көп. Сол датқалардың бірегейі 220 жылтолып отыр туғанына Қалау Датқа. Қалау датқаның есімі Мұсабек Сапақкөтерілісі деген көтеріліс болған 1857 жылы. Міне осы көтеріліске байланысты бұның есімі аталады.
Конференцияда Қалау датқаның есімі 1857 жылғы Мұсабек Сапақ көтерілісімен байланысты аталатыны да сөз болды. Бұған қоса, көршілес Өзбекстанның мұрағаттарынан табылған тың деректер таныстырылды. Зерттеушілер датқалардың ел басқарудағы орнына, дипломатиялық байланыстарды дамытудағы рөліне және халық қозғалыстарындағы қызметіне тоқталды.
ТҰРДАЛЫ НУРИДДИНОВ, ҚОҚАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ
Қалау Бәйтілесұлының 220 жылдығына арналған бұл конференцияның маңызы зор. Орталық Азия елдерінің ортақ тарихы мен рухани байланысын зерттеуде мұндай халықаралық жиындар үлкен серпін береді. ХIX ғасырдағы Орталық Азия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастарды зерттегенде, датқалардың рөлі айрықша көрінеді. Олар күрделі геосаяси алмағайып заманда елді аман алып қалу үшін үлкен дипломатиялық шеберлік танытқан. Қазіргі таңда датқалар мен болыс, билер жайында ақпарат аз. Оны әлі де терең зерттеуіміз керек. Ол үшін орталық азия елдірінң ғалымдары мен тарихшылары бірігуі тиіс. КСМ: Ортақ тарихты зерделеу - елдер арасындағы ғылыми байланысты нығайтудың да тиімді жолы. Жиынға қатысушылар Орталық Азия халықтарының тарихи мұрасын бірлесе зерттеп, тың деректерді ғылыми айналымға енгізу қажеттігін атап өтті. Конференция қорытындысында ғалымдар бірлескен зерттеулерді жалғастырып, Қалау датқаның есімі мен тарихи еңбегін кеңінен насихаттауға уағдаласты.