КӨШЕДЕГІ ТӘРТІП КАМЕРА БАҚЫЛАУЫНДА
Қоғамдық бейнекамералар Кентауда 500-ге жуық ұсақ құқықбұзушылықты тіркеген. Бақылау жүйесі көшеге темекі тұқылын тастау, қоғамдық орындарды ластау сияқты әрекеттерді анықтаған.
Құқықбұзушылықтардың бірі базар аумағында тіркелген. Қоршаған ортаны ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полиция өкілдері қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіп сақтау – әр азаматтың міндеті екенін еске салады. Сондай-ақ тұрғындарды ортақ мүлікке жанашырлықпен қарап, құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырады.