Негізгі Жаңалықтар БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ КӘСІБИ КЕҢЕС

БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ КӘСІБИ КЕҢЕС

БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ КӘСІБИ КЕҢЕС

Шымкентте болашақ журналистер мен сала мамандары бір алаңда бас қосты. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің журналистика факультетінің студенттері «Оңтүстік» телеарнасының тілшілерімен кездесті. Іс-шараны Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырды. Еркін форматта өткен ашық диалог барысында білім алушыларға медиа саласының қыр-сыры кеңінен түсіндіріліп, тәжірибелік кеңестер берілді.


 Кездесуде телеарна директорының орнбасары Пернебек Біләлбек, тележүргізуші Нұркен Күзербаев және СММ маманы Анель Әлімбекқызы журналистің кәсіби ұстанымына, тіл мәдениетіне және оны талдаудың заманауи әдістеріне тоқталды. Сондай-ақ қазіргі медиа кеңістіктегі жаңа трендтер, тікелей эфирдің жауапкершілігі, ақпаратты жедел өңдеу және креативті контент жасау жолдары сөз болды.


ПЕРНЕБЕК БІЛӘЛБЕК, «ОҢТҮСТІК» ТЕЛЕАРНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз өзіміздің тарапынан қазіргі таелеарнаның қоғамдағы рөлі, қайда бара жатырмыз, қалай дамып жатырмыз деген тақырып болды. Екінші  тақырыбымыз телеарна өнімдерін әлеуметтік жліде қалай дамытамыз деген сұрақ болды. Үшіншісі ол тележүргізушілік. Міне үш бағытта өзтарапымыздан мүмкіндігінше қызықты етіп түсіндіріп айттық. Қазіргі таңда журналистика факультетін бітіріп келген, қолында дипломы бар кейбір студенттер журналистика саласына келгенде әлі күнге дейін кенжелеп тұралап тұр. Сондықтан біз оларды өзімізге келген соң қайта үйретугетура келеді. Ал, бүгінгі кездесуде осы мәселенің барлығы толық түсіндіріліп өтті.


Еркін форматтағы кездесуде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, телеарналарда өндірістік тәжірибеден өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін талқылады.


АЙДАНА СӘРСЕНБАЙ, ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
ЖИ дамыған заманда журналистердің орын қандай болады деген сұрақ мазалайды. Бірақ мен ойлаймын ол мәселе ешқандай кедергі болмайды. Себебі журналистің жеткізуі адамның санасы бәрібір бөлек болады жасанды интеллектке қарағанда. Жасанды интеллект мүмкін біздің қолданушы құралымыз және көмекшіміз бола алады, бірақ ол ешқандай журналистің орнын баса алмайды. Себебі журналист оқыған адам санасы бөлек болады. Ол кісінің жеткізуі бөлек болады, әр кімнің өзінің манерасы болады және халықты ұстап қалатын белгілі бір фишкасы болады.  Сол үшін біз ойлаймыз, ол біздің тек көмекші болады ал журналистердің орны ешқандай да жоғалып қалмайды деп.


Заманауи медиадағы басты тренд теледидар мен әлеуметтік желілердің үйлесімділігі. Бүгінде «көгілдір экран» мен «смартфон» бәсекелес емес, керісінше бірін-бірі толықтыратын қуатты құралға айналып отыр. Болашақ журналистер телевидение мен әлеуметтік желінің үйлесімділігі қазіргі медианың басты тренді және аудиторияны жоғалтпаудың жолы дейді.


 ГҮЛЖАН ӘБДІКЕРІМОВ, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ
Кездесу барысында Оңтүстік телеарнасына студенттеріміздің практикадан өтуі талқыланды және болашақта  жұмыспен қамту мәселесі бойынша студенттердің ары қарайғы сол өндіріс орындарында яғни Оңтүстік телеарнасына немесе басқада газет журналдарда  қызмтеке орналасуына бағыт-бағдар көрсетілді. Студенттерді жалпы толғандырып жүрген мәселелер болашақ журналистикаға жалпы қандай қасиеттер керек болашақта. Ең баңыздысы журналист үшін талант па әлде тәжірбие ме деген сұрақтар қойылды. Оған телеарна басшысының орынбасары өте тұшымды жауап берді. Журналистика тек қана талант пен тәірбие емес сонымен қатар хоризма да барынша керекті қасиет екенін атап өтті.


Кездесу барысында Журналистер одағының қатары тағы бір кәсіби маманмен толықты. Әріптесімізге арнайы куәлік пен мүшелік төсбелгі салтанатты түрде табысталды. Расында, бүгінгі медиа нарық жас мамандардан терең кәсібилікпен қатар, икемділік пен цифрлық сауаттылықты талап етеді. Ал телеарна мен әлеуметтік желіні қатар игерген жаңа буын журналистері ертеңгі ақпарат кеңістігінің басты ұйтқысы болмақ.


Бөлісу