Негізгі Жаңалықтар 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоныс иелерін құттықтап, жаңа баспаналарына береке тіледі. Пәтерлер төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға жеңілдетілген несие арқылы берілді.

Лаура Қадырова – бес баланың анасы. Жеті жылға жуық уақыт тұрғын үй кезегін күткен көпбалалы ана бүгін арманына жетті. Екі пайыздық жеңілдетілген несие арқылы пәтер алып, жаңа өмірге қадам басты. Кілтті қала әкімінің қолынан алған сәтте қуанышы еселене түсті.

ЛАУРА ҚАДЫРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
2019-шы жылы көпбалалы отбасы ретінде кезекке тұрдым. 7 жылдан соң концепция бағдарламасымен 2 пайыздық жеңілдетілген несиемен үйлі болып жатырмын.

 Жаңа пәтерлер «Бозарық», «Ақжайық» және «Асар-2» шағынаудандарында орналасқан. Тұрғын үйлер заманауи талаптарға сай салынып, қажетті инженерлік желілерге қосылған. Ал құрылыс сапасына мердігерлер бес жылға кепілдік береді.

ҚӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Сапа жағын айтатын болсақ, жаңа үйлердің сапасына құрылыс мердігерлері бес жылдық кепілдік беретінін айтады. Егер тұрғындар қоныстану кезінде қандай да бір ұсақ ақауларды анықтаса, қабылдау-тапсыру актісі жасалып, кемшіліктер мердігердің есебінен жедел түрде жойылады.

Баспаналы болуды күткен азаматтар үшін бұл – жаңа мүмкіндіктің бастауы. Қалада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды пәтермен қамту жұмыстары жалғасады. Биыл осы санаттағы 9 мыңнан астам тұрғынды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.


Бөлісу