Негізгі Жаңалықтар ҚОСЫМША БІЛІМГЕ ЖАҢА СЕРПІН

ҚОСЫМША БІЛІМГЕ ЖАҢА СЕРПІН

Түркістан облысында балаларды қосымша біліммен қамту көрсеткіші 95,6 пайызға жетті. Ендігі міндет - ауыл балаларына да сапалы білім мен шығармашылықты дамытуға тең мүмкіндік беру. Осы мәселелер еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мамандардың басқосуында талқыланды.


Жиынға еліміздің барлық өңірінен 221 маман қатысты. Кездесуде биыл атқарылған жұмыстар сараланып, қосымша білім берудің өзекті бағыттары талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар тәжірибе алмасып, шеберлік сабақтарына қатысты.


ҒАЛЫМЖАН ҚАЛДЫКӨЗҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 - «Қаламен ауыл мектептерінің ауылдарына тең мүмкіндік жасау. Осы бағытта мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкер цифрлық техналогиямен жасанды интелектіні меңгеруге жасау. Әсіресе ауыл балаларын заманауи білімге қолжетімділіген арттыру.» 


 Өңірде 45 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Олар 500 мыңға жуық баланы қамтып отыр. Ендігі бағыт – ғылыми-техникалық үйірмелерді дамыту, балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау және заманауи технологияларды меңгеруіне жағдай жасау.


ЖАНИЯ ДҮЙСЕНЖОЛОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 - «Өңірлік және облыстық ұстаздар шеберлік сабақьарында тәжірибе алмасады»


Екі күнге жоспарланған басқосу 29 қазанда WORKSHOP семинарымен жалғасады. Онда мамандар тәжірибе алмасып, қосымша білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салады.

Бөлісу