САХНАДАҒЫ 30 ЖЫЛ
Опера сахнасында 30 жыл! Шымкентте опера әншісі Үралхан Сейлбекованың шығармашылық кеші өтті. Өнер иесін құттықтап, сахна төрінде өнер көрсету үшін еліміздің өзге өңірлерінен де әріптестері арнайы келді. Кеш барысында әншінің өнердегі жолы мен сахнада бірге жүрген жылдардағы естеліктері жаңғырды.
Үралхан Сейлбекованың шығармашылық жолы Шымкент қалалық опера және балет театрының тарихымен тығыз байланысты. Театрдың алғашқы қойылымдарынан бастап бірге өнер көрсетіп келе жатқан әріптестері әншімен бірге өткен жылдарды еске алып, мерейтой иесіне ақжарма тілектерін арнады.
ЕРЛАН ЖАНДАРБАЙ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Үралхан екеуміз осы театрдан 2008 жылы алғашқы ашылуында Қызжібек пен Төлегенді сомдап шыққан болатынбыз.Міне алдымызда 2 жыл қалды театрымыздың ашылғанына 20 жыл толады.Сол жылдардың ішінде көптеген байқауларға қатысып,мемлекеттік бүкіл концерттерге бірге қатысып, ат салысып келе жатырмыз.Соның ішінде атап өтсек Италияда,Францияда,Еуропада,Вьетнамда және т.б қалаларда бірге өнер көрсеттік.
Өнер жолындағы әріптестік талай белесті бірге бағындыруға мүмкіндік берді. Театр сахнасынан басталған шығармашылық сапар халықаралық байқаулар мен шетелдік гастрольдерге ұласты. Ал бүгінгі мерейтойлық кеш -сол жылдардағы еңбектің, ізденістің және өнерге деген адалдықтың көрінісі.
БЕКЗОД САДЫҚОВ, ОПЕРА ӘНШІСІ
Мен бүгін Үралхан әпкені 30 жылдық шығармашылық кешімен шын жүректен құттықтаймын.Мен үшін бүгінгі сахнада өнер көрсету үлкен бақыт,үлкен мәртебе.Бұл театрда менің шығармашылық жолым басталғандықтан,бүгінгі кешке қуана-қуана келдім.Осындай жауапты кеште менің бүгін өнер көрсететінім өте ерекше сезім тудырып тұр. «Аударма»
Сахнадағы 30 жыл - үздіксіз ізденіс пен көрермен ықыласына толы кезең. Әріптестерінің ыстық ықыласы мен ізгі тілектері тоғысқан кеш Үралхан Сейлбекованың өнердегі жолына тағзым етіп, шығармашылық жетістіктерін дәріптеді.