7 ОТБАСЫ ЖАҢА ҮЙГЕ КӨШІРІЛДІ
Шымкентте Республика күні қарсаңында 7 отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды. Апатты әрі тозығы жеткен Нұрлыбаев көшесіндегі №22 үйдің тұрғындары енді қаланың заманауи әрі инфрақұрылымы дамыған «Шымкент Сити» мен «Тұран» шағынаудандарындағы жайлы пәтерлерге орналасады.
Нұрлыбаев көшесінің тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Себеі олар Республика күні қарсаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қолынан жаңа пәтердің кілтін алды. Енді олар реновация бағдарламасы аясында бөлмеге бөлме нормасы бойынша берілген жаңа баспанаға көшеді.
ЫРЫСКҮЛ УБЕСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Өте қаныштымын. Қанышымда шек жоқ. Екі жылдан аса асыға күтік. Мерам құтты болсын. Мерекеге қарсы күшті қуаныш болып жатыр. Бұл жерге өкпе жоқ. Қимастықбар. Жақсы өстік – өндік. Ол жақ балдардың келешегіне өте жақсы. Қанышымда шек жоқ.
АСЫЛЗАТ ҮКІБАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Керемет үй алдық. Екінші қабаттан берді, өкіметімізге рахмет. Үлкен алғысымыз. Өте қуаныштымыз. Креемет енді үш бөлмелі үй алдық. Бұл жерде енді Рахатымызға тұрдық қой неше жыл. Бала шаға өсті осы жерде. Айтарға сөзім жоқ өте қаныштымыз.
Көксай шағынауданында ескі үйлер көп. Мұнда 23 үй апатты деп танылған. Басымы екіқабатты ғимараттар.
РУСЛАН СЕРІКБАЕВ, «SHYMKENT» ӘКК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Негізі Көксай шағынауданында 23 үйді көшіру жоспарда бар. Соның осы үйді қосқанда 16 үй болды. Ол 135 пәтерден тұрады. Бұл жақта бөлме санымен есептеледі. Бөлмеге бөлме беріледі. Бұл жақта бір бөлмелі пәтер шамамен 30 ға дейін шаршы метрді құрайды. Біздің беріп жатқандырымыз қырықтан астам. Арадағы айырмашылыққа төлем болмайды тегін.
Ескі үйдің қандай күйде екенін сыртқы келбетіне қарап білуге болады. Өткен ғасырдың ортасында салынған ескі ғимарат сүріліп, орнына жаңасы салынады. Қаланың тарихи бөлігін заманауи және абаттандырылған шағынауданға айналдыруға бағытталған жоба жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, мегаполистің келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.