Негізгі Жаңалықтар КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ

КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ

Шымкентте Республика күніне орай 100 метрлік ту тұғырына Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қала тұрғындары, қоғам өкілдері мен жастар қатысты.

Салтанатты рәсім мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің көрінісіне айналып, ел тарихындағы егемендіктің маңызын тағы бір мәрте айшықтады. Мемлекеттік ту – Қазақстан тәуелсіздігінің, халық бірлігінің және ел болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы.

БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
 «Егемендік алып, жетістіктерге жетіп, Шымкент қаласы көркейіп отыр. Біз тұрған жердің өзі бос жатқан алаң еді. Бүгінгі күні зәулім үйлер бой тіктеп, орталыққа айналды».

Биыл Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 36 жыл толып отыр. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған бұл тарихи құжат ел тәуелсіздігіне бастар жолдағы маңызды кезеңге айналып, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына негіз қалады.

ЕРАСЫЛ АНАРХАНҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Бұл – біз үшін ең атаулы күндердің бірі. Біз егемендікке қанша жыл аңсап жеттік».

Бүгінде Республика күні азаматтарды ортақ құндылықтар, тарихқа құрмет және Отанның өркендеуіне деген ұмтылыс төңірегінде біріктіреді. Бұл мереке ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтаудың, сондай-ақ мемлекеттің дамуына әр азаматтың үлес қосуының маңызын еске салады.

Бөлісу