БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ
Республика күніне орай қалада батпырауықтар фестивалі өтті. Шымсити саябағында өткен мерекелік шарада цирк әртістері мен аниматорлар өнер көрсетті. Түрлі ойын-сауық бағдарламалары қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Фестиваль отбасылық демалыс мәдениетін дамытуға және қала тұрғындарына ортақ мерекелік атмосфера қалыптастыруға негізделген. Осыған орай саябақ бірнеше құрылымға бөлінген. Енді скейтборд, самокат және велосипед тебушілер үшін арнайы алаңдар мен көңілді анимациялық бағдарламалар ұйымдастырылады. Ал шараның басты ерекшелігі – батпырауықтардың 1000-ға жуығы тегін таратылды.
ЗАМАНБЕК ОРЫНБЕКОВ, «ВИЗИТ ШЫМКЕНТ» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Бүгінгі Шымсити саябағындағы батпырауықтар фестивалі отбасылық туризмді дамытуға бағытталған»
Фестивальге қатысушылардың бірі – Аяру Қалдыбек. Оның айтуынша, осындай мерекелік бағдарламалар отбасылық қарым-қатынасты нығайтады.
АЯРУ ҚАЛДЫБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Мен осылай серуендегенді жақсы көремін және бұл жыл сайын өтеді. Мен бұл ақпаратты Instagram желісінен көрдім» «Мақсатым – батпырауықтарды және фестивальді көру»
Мерекелік шара аясында мотофестиваль де өтті. Оған 150-ден астам мотоциклші мен 20-ға жуық спорттық автокөлік қатысты.