М.ЕГІЗБАЕВТЫ ЕСКА АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мұхан Егізбаевтың есімі тағы да ұлықталды. Шымкентте медицина саласында өшпес із алдырған тұлғаны еске алуға арналған бильярдттан турнир өтті. Жарыс марқұмның спортқа және қоғамға қосқан үлесін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Турнирге Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы медицина саласының қызметкерлері қатысып өзара бақ сынасды. Іс-шарада ардагер және жас буыннан құралған 66 команда кім мықтыны анықтауда.
БАҚЫТЖАН МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі таңда турнирге 66 команда ойнау үстінде. Мұнымен келешекте келе жатқан жастарға тәрбие болсын, дәрігерер арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін. Салаатты өмір салтын қалыптастыру үшіносы турнирді облыстық ардагерлер кеңесі, Түркістан облыстық денсаулық сақта басқармасы мен Шымкент қаласының денсалық сақта басқармасы бірігіп ұйымдастырып отыр.
Іс-шара медицина саласының ардагелері мен жас дәрігерлердің арасында достық қатынасты нығайтуға бағытталған. Жарыстың өтуін Мұхан Кеңесбекұлының үзеңгілес әріптестері қолдап, жастарға өнеге көрсетті. Турнир барысында аға буын мен жас мамандар спорттық қырынан кәсібилігін көрсетті.
ЖҰМАҒҰЛ МЕДЕТОВ, МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Бұл жерде екі топ. Бірінші топта 16-сы ардагерлер. Ардагерлер арасында круговой. Бір емесекі рет ойнаған адам шығып кетеді. Ал жастар арасында елуге жақын адам қатысып жаты. Олардың арасында олимпиская система. Ойнап ұтылғандар шығып кетіп отырады. Бірінші екінші үшінші орындар призовой место болып жатыр. Оларға қомақты қаржы беріледі. Ойын бітсе де бітпесе де сағат 1 де құдайы ас беріледі. Астан кейін ойын ары қарай жалғасып, түстен кейін жеңімпаздарды марапаттайды.
Бұл бәсеке тек спорттық сайыс қана емес, еңбек жолындағы сабақтастықты жалғастырып, дәрігерлер қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты арттыра түсетін маңызды басқосуға айналды. Айт кетейік, жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.