Негізгі Жаңалықтар ЭСТРАДА ӘНШІЛЕРІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТТЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ЭСТРАДА ӘНШІЛЕРІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТТЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Шымкентте 24-25 қазан күндері Республика күніне орай ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Астана алаңында өткен мерекелік думанда жергілікті өнерпаздармен қатар, елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Мерекелік концерттің алғашқы күнінде жергілікті әншілер өнер көрсетті. Күздің қара суығына қарамастан Астана алаңына жиналған қала тұрғындары мен қонақтары көп болды. Олар көпшілікті мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.


АЙНҰР ЕРТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Керемет, көңіл күй күшті. Мынау бүгін керемет болып жатыр. Рахмет осылай ұйымдастырып бергендеріне. Билеп бойымызды жылытып жатырмыз. Барлық халқымызға жақсылық, бақыт тілеймін.


ДИНАРА МЕТЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Бүгінгі Республика күніне орай болып жатқан концертке достарымызбен келдік.Республика күні қазақ еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Мереке баршамызға құтты болсын.


ШЫҢҒЫС БАҚЫТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Қалада неше түрлі іс-шара боылп жатыр. Соған достарымызбен келіп тамашалап жатырмыз. Көңіл күй керемет. Қазақстандықтарды  Республика күнімен құттықтаймын.  


Жалпы Республика күніне орай Шымкентте 50 салтанатты іс-шара өтті. Мереке аясында қаладағы мәдениет және өнер мекемелерінде 21 мәдени-көпшілік жиын ұйымдастырылды. Ал негізгі мерекелік басқосулар 23 пен 25 қазан аралығында өтіп, шаһар тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


 МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі және ертеңгі іс-шараға жергілікті және отандық жұлдыздарымыз тартылды. Барлығы өнер көрсететеін болады. Соның ішінде Еркеш Хасенов, Жұбаныш Жексенұлы, Маржан Арапбаева, Әділет Жауғашар жәнетағы да басқа жұлдыздар өнер көрсетеді. Біз Шымкент қаласында барлық тұрғындарға осындай көңілді атмосфера сыйлап жатырмыз. Бұл әрине біздің ұлттық мерекеміз Республика күні қарсаңында жалпы осы сәтті пайдаланып барша Шымкенттіктерді, барша Қазақстандықтарды ұлттық мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.


Екі күнге созылған салтанатты думан түнгі аспанды жарқыратқан мерекелік отшашумен қорытындыланды.

Бөлісу