Негізгі Жаңалықтар ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ 28 ҚАЗАНДА ЖАРИЯЛАНАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ 28 ҚАЗАНДА ЖАРИЯЛАНАДЫ

2025 жылы қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа өз Жолдауын арнап, экономикалық реформалар мен әлеуметтік дамудың жаңа бағыттарын айқындаған болатын. Бір жыл ішінде өңірлерде жүздеген медициналық нысандар пайдалануға беріліп, инфрақұрылымдық және цифрлық жобалар қарқын алды. Заңнамалық өзгерістер мен реформалар ел өміріне нақты серпін берді.


Сондай-ақ жолдауда Президент экономиканы әртүрлілендіру, әлеуметтік қолдау мен басқару жүйесін жаңғырту бойынша нақты тапсырмалар берген еді. Осы уақыт ішінде атқарылған жұмыс өз нәтижесін беріп, маңызды бастамалар іске асты. Өткен уақыт аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жүздеген білім ошағы бой көтерді, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы бойынша шалғай елді мекендерде медициналық нысандар бой көтерді. Инфрақұрылымды дамыту, көлік-логистикалық әлеуетті арттыру мен шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағытындағы заңнамалық реформалар ел өміріне нақты серпін берді. Экономиканың әр саласы жаңа сын-қатерлерге бейімделіп, орнықты дамудың сатысына қадам басты. Дегенмен жаһандық геосаяси ахуал мен экономикалық үрдістер бір орнында тұрған жоқ. Әлемдегі өзгерістер мен ішкі сұраныс ел алдында жаңа міндеттерді қойып отыр. Қоғам мен халық әрқашан жаңаруды, тың бастамалар мен әділ шешімдерді күтеді. Міне, сондықтан 28 қазанда болатын Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы – еліміздің таяу жылдардағы даму сатысын айқындайтын аса маңызды саяси оқиға. Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін жиында еліміздің экономикалық саясаты, әлеуметтік бастамалар мен алдағы кезеңнің басымдықтары жарияланбақ. Ел болашағын бағдарлайтын маңызды сәтті ертең біздің арнадан тікелей эфирде бірге тамашалайық.


Бөлісу