Негізгі Жаңалықтар ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, еңбек үздіктері, сала көшбасшылары, жастар және жалпы тұрғындар қатысты.

Мерекелік жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өңір тұрғындарын ұлттық мерекемен құттықтады. Айтуынша, Түркістан өңірі жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша республикада көш бастап келеді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 3 есе өсіп, 5,4 трлн теңгеге жеткен. Өнеркәсіп көлемі 2019 жылдан 3 есеге артып, 1,6 трлн теңгені құрады.

 НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
 -  «Егемен ел болу оңай емес, бірақ елдікті сақтап қалу одан да қиын» деген болатын. Тәуелсіздік – тек тарихи жетістік емес, ол - ұрпаққа аманат етілген ұлы жауапкершілік.  Оны сақтау мен нығайту – ортақ парызымыз.»

 Мерекелік кеште елдің дамуы мен өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Бірқатар мемлекеттік наградалар табысталды.

АҚМАРАЛ АБЫЛАЕВА , «ЕРЕН ЕҢБЕГІ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ
 – «Бүгінгі мемлекеттік мерекемен құттықтаймын. Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!»

 РАСИЛЬ БАЙКОВ, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ
 – «Бұл тек қана менің медалім емес, тұтас Арыс қаласының тұрғындарының еңбегі. Сол кісілердің арқасында менің еңбегім көрініп жатыр.»

Салтанатты іс-шара патриоттық рухты еселейтін концерттік бағдарламаға ұласты. Мерекеде  отандық және шетелдік өнерпаздар, этноансамбльдер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Шетелдік әншілердің қазақша ән шырқауы көпшілікті ерекше әсерлендірді.  


Бөлісу