Негізгі Жаңалықтар ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ АРДАГЕРЛЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ АРДАГЕРЛЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

Таулы Қарабақтан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толды. Осы айтулы датаға орай Оңтүстік Инновациялық университетте еске алу кеші өтті. Шараға қатысқан ардагерлер майдандас замандастарын бір минуттық үнсіздікпен еске алып, олардың ерлігіне құрмет көрсетті. Сондай-ақ кеш барысында бейбітшілік пен ел тыныштығын қорғауға үлес қосқан белсенді азаматтар мен ардагерлер «Таулы Қарабаққа 35 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.


 Сұрапыл шақта ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғаған азаматтардың ерлігі бүгінгі жастарға өнеге. Жиында ардагерлер сол жылдардағы қиын-қыстау сәттерді еске алып, бейбітшіліктің қадірі мен бірліктің маңызы туралы ой бөлісті.


МҰРАТ АМАНБАЕВ «ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОДАҒЫ» РҚБ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз сол жерде болған қақтығысты дәріптеу емес, жастарға бейбтшіліктің қадірін түсіндіру мақсатында осындай іс-шаралар өткізіп жатырмыз.   2022 жылы ашылғалы біз жылына 10-15 іс-шара өткіземіз. Қазір Шымкент қаласында арнайы коалициябар қоғамдық бірлестікпен жұмыс істеп жатырмыз. Қарулы күштер, Ауған соғыс ардагерлері, Семей сынақ, Чернобыл, Желтоқсаншылар, Тәжік-Ауған шекара қызметі және осы Таулы қарабақ барлығымыз бірге мектептерде ерлік саптарын жиі өткізіп тұрамыз.


Салтанатты шара барысында ел ісіне белсене араласып, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосып жүрген бір топ ардагерлер мен белсенді азаматтарға «Таулы Қарабаққа 35 жыл» мерекелік медальдары салтанатты түрде табыс етілді.


СЕРІКБАЙ ОҢБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгінгі іс-шара патриоттық сонай Таулы Қарабақ жерінде халықаралық қақтығыс болған кезінде халықтың бейбіт өмірін қамтамасыз етуге аттанған біздің сарбаздарымыздың әскерден шыққанына 35 жыл болып жатыр. Сондытан бұл мерекемен осы ардагерлерді құттықтай отырып, оларға еңбектеріне табыс тілейміз. Шымкент қаласында орналасқан 351 жалпы орта білім беретін мектептер, 39 колледжер мен 9 жоғары оқу орындарында ардагерлеріміз ерлік сабақтарын өткізіп, жылына мыңға жуық ерлік сабақтарын өткізіп жатыр.


Шымкент қаласында 200 ден аса таулы қарабақ ардагерлері бар. Соның жүзге жуығы Республикалық қоғамдық бірлестікте тіркелген. Оларға ай сайын мемлекет тарапынан 4,8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төленсе, қалалық бюджеттен жыл сайын 9 мамыр күні 50 АЕК көлемінде қаржы бөлінеді.

Бөлісу