Негізгі Жаңалықтар СҮЙЕКТЕН – ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ

СҮЙЕКТЕН – ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ

Түркістан облысында 9 миллиард теңгелік мал сүйегін өңдеу зауыты іске қосылды. Ордабасы ауданының Темірлан елді мекенінде орналасқан кәсіпорын ірі қара сүйегінен пептон компоненттерін өндіреді. Жоба аясында 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өндіріс орнының жылдық қуаттылығы – 5 мың тонна.


Өңір экономикасын дамытуда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің маңызы зор. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, жаңа өндіріс орындары инвестиция тартуға, шикізатты тиімді пайдалануға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша нақты тапсырма берген болатын. Осы бағытта біз жұмыстарымызды атқарып келе жатырмыз.  00:55 01:12 Мына заманауи технологияларды енгізе отырып, біз мына шикізатты дайын өнім өңдеуге бағыт бұруымыз қажет.  00:19


Кәсіпорынға 10 гектар жер бөлініп, алғашқы кезеңде 2,5 миллиард теңге инвестиция салынды. Қазір мұнда пептон компоненттері өндіріледі. Келешекте зауыт желатин өндірісін де қолға алады.


ЧЖАО СЮЙДУН, «TANGSHAN HUATING PORCELAIN CO., LTD» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Біздің мақсатымыз – заманауи технологияларды енгізіп, өндірісті дамыту. Алдағы уақытта өнім түрлерін көбейтіп, кәсіпорын жұмысын кеңейтуді жоспарлап отырмыз.


Жаңа зауыттың іске қосылуы өңірдегі өндіріс көлемін арттырып, ауыл шаруашылығы шикізатын тиімді пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар, 100 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Бөлісу