Негізгі Жаңалықтар ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ АЗАЙДЫ

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ АЗАЙДЫ

Қазақстанда интернет-алаяқтықтан келетін шығын азайды. Жыл басынан бері киберқылмысқа қатысты деректер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға төмендеген. Ал азаматтарды қорғау мақсатында бұғатталған қаражат көлемі 6 миллиард теңгеге жуықтады.


Бұған құқық қорғау органдары мен банктердің бірлескен жұмысы ықпал еткен. Антифрод-орталықтар күдікті қаржылық операцияларды анықтап, алаяқтыққа қатысы бар шоттарды бұғаттауда. Ресми мәліметтерге сәйкес, биыл киберқылмыстан келген жалпы шығын шамамен 40 миллиард теңгені құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 42 миллиард теңгеге аз. Сонымен қатар азаматтарға қайтарылған қаражат көлемі де 12 пайызға артқан. Ал интернет-алаяқтық қылмыстарының ашылу көрсеткіші 29 пайызды құрады. Тек жаз айларында полиция 1 595 киберқылмыс дерегін анықтап, бұрын жасалған 917 қылмыстың бетін ашты.

Бөлісу