ИМПОРТ ТАУАРЛАРЫНА САЛЫҚ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін тауарларға салық қалай есептеледі? Өнімнің бағасы мен тасымалдау шығыны, сондай-ақ мәміленің түрі ескеріледі. Ал кейбір тауарларға ең төменгі баға белгіленген. Осы талаптар салықты есептеу тәртібіне қалай әсер етеді?
Егер тауар белгіленген ең төменгі бағадан төмен бағамен көрсетілсе, салық салынатын құнды анықтаудың арнайы тәртібі қолданылуы мүмкін. Бұл тауар құнын негізсіз төмендетіп, салықты азайтудың алдын алуға бағытталған.
ДАНИЯР ӘРІПЖАН, ҚАЛАЛЫҚ ЖАНАМА САЛЫҚТАРДЫ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ
– «Бартер, лизинг және шикізатты қайта өңдеу сияқты мәмілелер үшін салық салынатын құнды анықтаудың арнайы тәртібі бар. Яғни салық әр мәміленің ерекшелігіне қарай есептеледі»