Негізгі Жаңалықтар БИЫЛ 12 МЛН ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

БИЫЛ 12 МЛН ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

Қазан айында елімізде 366 мыңнан аса жол жүру ережелерін бұзу дерегі тіркелген. Ал жыл басынан бері 12 млнға жуық заңбұзушылық анықталған. Салғырттың басым бөлігі мас хәлде көлік жүргізу, автомобил тізгінінде телефон пайдалану және жол белгілерін ескермеу.

 Мәселен, Қарағандыда жеңіл көлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Тексеріс барысында автомобил иесі алкогольді масаң күйде болғаны анықталған. Бұл туралы ІІМ тоғыз айдың қорытындысын жариялау кезінде мәлімдеді. Полицейлердің дерегінше, соңғы тоғыз айда жол-көлік оқиғалары 5%-ға, одан жарақат алғандар 7%-ға, ал қаза тапқандар саны 16%-ға төмендеген. Сарапшылардың сөзінше, бұл жол сақшыларының тынымсыз еңбегі мен жүйелі жұмысының нәтижесі.



 

Бөлісу