«ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЧЕМПИОНАТ КӨШБАСШЫСЫН ЖЕҢДІ
Түркістанның «Тұран» футбол клубы Қазақстанның бірінші лигасының 25-туры аясында өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын 1:0 есебімен жеңді. Чемпионат көшбасшысымен өткен тартысты кездесуде түркістандықтар маңызды жеңіске қол жеткізді.
Ойынның алғашқы кезеңінде алаң иелері басымдық танытқанымен, есеп аша алмады. Ал екінші таймда түркістандықтар жеңіс голын соқты. Кездесудің 70-минутында Арман Кенесовтің дәл пасын Матвей Герасимов баспен қақпаға бағыттап, есеп ашты. Осылайша, «Тұран» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, «Шахтер» бірінші лиганың чемпионы атанған. Ал бұл жеңістен кейін 54 ұпай жинаған «Тұран» турнир кестесінде үшінші орынға тұрақтады. Нәтижесінде түркістандық клуб 2027 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсету құқығына ие болды.