Негізгі Жаңалықтар РУХАНИ КЕЛІСІМ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

РУХАНИ КЕЛІСІМ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

РУХАНИ КЕЛІСІМ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

18 қазан – Рухани келісім күні. Осыған орай  мегаполистегі түрлі діни конфессия өкілдері  бас біріктірді. Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау, өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Қатысушылар ел бірлігі мен дінаралық келісімнің маңызын атап өтіп, бейбітшілікті сақтау – баршаға ортақ міндет екенін жеткізді.

Бірлігі бекем елдің болашағы да баянды. Қазақстанда түрлі ұлт пен діни конфессия өкілдері ортақ шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ал Рухани келісім күні – өзара түсіністік пен сыйластықты дәріптеп, қоғамдағы ынтымақты нығайтатын маңызды күн. Шымкентте осы атаулы күнге орай ұйымдастырылған шарада дінаралық келісім, рухани құндылықтар және жас ұрпақ тәрбиесі сөз болды.


МҰХАМЕДЖАН ЕСТЕМІРОВ, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
Бірлік мәселесі болатын болса бұл жастарға үлгі болу керек. Толерантты көзқарас қалыптастыру керекпіз. Жастарға үлгі болып біз бір бірімізден шапағат мейірімді аямау керекпіз.  

Дінаралық татулық пен өзара құрмет – қоғам тұрақтылығының маңызды тірегі. Шараға қатысушылардың айтуынша, түрлі конфессия өкілдері арасындағы ашық диалог пен бірлескен мәдени-рухани іс-шаралар халықтар арасындағы байланысты нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.


ОЛЕГ КИМ,  ЖЕТІНШІ КҮН АДВЕНТИСТЕРІ ХРИСТИАН ШІРКЕУІНІҢ ПАСТОРЫ
Особый день для духовного согласия Бүгінгі күн – рухани келісім мен бірліктің ерекше күні. Осындай күні ұлтына, діни сеніміне және көзқарасына қарамастан, баршамыздың бір жерде бас қосуымыздың мәні зор. Біз әр адамның өз сенімін еркін ұстануына, ана тілінде сөйлеуіне және өз ойын ашық білдіруіне мүмкіндік беретін қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қуаныштымыз. Осы айтулы күні елімізге тыныштық, халқымызға ынтымақ пен бірлік


Рухани келісім – тек бір күннің тақырыбы емес, күнделікті өмірде ұстанатын ортақ қағида. Өзара құрмет, сабырлылық пен түсіністік бар жерде береке де, тұрақтылық та болады. Ал осындай игі кездесулер ел ішіндегі татулықты нығайтып, өскелең ұрпаққа бейбітшілік пен бірліктің қадірін ұғындыруға жол ашады.

Бөлісу