ДӘМХАНАЛАР ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ДӘРІПТЕЙДІ
Шымкент десе, көз алдымызға ең алдымен жомарт көңіл мен жайнаған дастарқан, ыстық ас пен шын жүректен шыққан қонақжайлылық келеді. Ал қаланың туристік әлеуетін көтеруде жергілікті асханалардың үлесі қандай? Ұлттық дәмдер қазынамызды қаншалықты еселеп отыр? Тілшіміз тарқатып айтады.
Бүгінде шетелдік және отандық саяхатшыларды тарихи орындар ғана емес, ерекше дәмдер де қызықтырады. Қазақтың ұлттық тағамдары алуан түрі – қаланың бас брендіне айналды. Қазіргі таңда Шымкентте гастрономиялық туризмге 50 –ге жуық мейрамхана көңіл бөліп келеді. Соның бірі «Шопан» мейрамханасы.
ДАНИЯР НӘБИЕВ – ШОПАН МЕЙРАМХАНАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ
-Әр қаладан ашуға бел буып отырмыз. Бұл жерде тек тағам ғана емес, ұлттық тағамдарға, қымыз, қымыран маусөк,құрт-май, бәрін бәрін табуға болады.
Шымкентте ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, көненің көзі болған ұмытыла бастаған тағамдарды қайта түлетіп жүрген орындардың бірі — Қазиев көшесі, 109-үйде орналасқан. Мұнда отызға жуық жергілікті маман еңбек етіп, келушілерге сапалы қызмет көрсетіп отыр.
БЕКЗАТ САБЫР – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
-Маған ұнайтыны атмосферасы. Қазақилық. Өздерінің қазақилын еске түсіреді. қашан да келсек, тамақтарына өте акцент қойған. Сонымен қатар өздері ойлап тапқан таағамдарымен ерекшеленеді.
Шымкенттің туристік әлеуеті жыл сайын артып келеді. 2025 жылдың қортындысы бойынша өңірге 550 мыңнан астам турист келген. Оның 38 мыңнан астамы шетел азаматтары.