Негізгі Жаңалықтар БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТЕАТР АШЫЛДЫ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТЕАТР АШЫЛДЫ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТЕАТР АШЫЛДЫ

Мақтаарал аудандық Мәдениет үйінің жанынан балаларға арналған «Мақтаарал» театры ашылды. Өнер ұжымы өзінің алғашқы қойлымын ертегі  желісіне негізделген «Ғажайым орман» қойылымммен бастады.Театрды 30 жылдан астам сахна төрінде өнер көрсетіп келе жатқан белгілі әртіс Сапаркүл Айдарова жетекшілік етеді. Өнер ордасының басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің эстетикалық талғамын қалыптастыру және көрерменге сапалы өнер ұсыну.

Сапаркүл Айдарова бұған дейін  Жетісайдағы Құрманбек Жандарбеков атындағы театрда театр әртісі қызметін атқарған. Сахна төрінде 30 жылдан астам уақыт өнер көрсеткен. Сол аралықта бірқатар режиссерлар мен өнер майталмандарымен әріптес болып, тәжірибе арттарған. Көптеген қойылымдарда басты рөлдерді сомдаған. Сахнада жүріп жинаған тәжірибесін енді аудандары жастарға үйретіп жүр. Тетардың алғашқы туындысы балаларға арналған «Ғажайып орман» қойылымымен басталды..  

САПАРКҮЛ АЙДАРОВА, ТЕАТР РЕЖИССЕРІ
Балаларға арналған ертегі болған соң таңдап-таңдап алдым. Көбісі ауылдағы мәдениет үйінде жұмыс жасайтын қызметкерлер. Солармен жұмыс жасадым. Бағыттарын, мақсаттарын сахнада өзім үйретіп,ойнап беріп осындай дәрежеге жеткіздім енді.

САЛТАНАТ ТҰҢҒАТАРОВА, ТЕАТР ӘРТІСІ
Бір- бірімзбен табысып, тіл табысып ойнау кішкен қиын болды. Біздің режиссеріміз сапаркүл апайымыз соның бәрін үйретіп, Өзіміз осы жерде істеп жүргенімізден бөлек сахнада тіл табысу өте ауыр екен, қиын екен. Соның бәрін басымыздан өткізіп,осындай бір ұйымшылдықтың, достықтың арқасында біздің апайымыздың арқасында әдемі сахна шықт,деп ойлаймыз.

Ертегілер театры – тек сахналық қойылымдар көрсетілетін орын ғана емес, жас көрерменнің қиялын дамытып, ой-өрісін кеңейтетін, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейтін рухани-мәдени орта. Сонымен қатар, театр жас әрі дарынды актерлердің шығармашылық қабілетін шыңдап, жергілікті драматургтердің еңбектерін сахналауға мүмкіндік беретін шығармашылық алаңға айналмақ.

ШАПАҒАТ ҚАЛБЕКОВА, ТЕАТР ӘРТІСІ
Өзіме лайық қойылымды тауып берді сапаркүл апайым.Өзімнің жылым да қоян. Әрі маған қоянның рөлін ойнап шығу өте оңай болды. Қиынға соққан жоқ. Дауысым да, түрім де қимылым да барлығы келеді деп айта аламын.

Алдағы уақытта театр ұлттық классика мен заманауи шығармаларды, қазақтың және әлем ертегілерін жаңғыртып, оларды жергілікті көрерменге ана тілінде жеткізуді көздейді. Қойылымдар арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, бала жүрегіне жол табатын тағылымды дүниелер ұсыну жоспарлануда.

ПЕРНЕБЕК БЕКТАСЫН, ТЕАТР ӘРТІСІ 
 
Негізінен бұл қойылып жатқан көріністің мақсаты сол өскелең ұрпақты ұл-қыздарымызды жақсылыққа тарту. Кейіпкерлердің арасында қасқыр сияқты балдар болады ғой. Солар көріп отырса өзін көреді.Сөйтеді да қой біз де өстіп достарымызбен қайтып дос болайқы,деп бірлікке жақсылыққа шақыру ғой.

«Мақтаарал» театрының ұжымы сахнада көрерменге шабыт сыйлайтын, рухани құндылықтарды насихаттайтын мазмұнды отандық қойылымдар ұсынуды мақсат етіп отыр.


Бөлісу