100 ОРЫНҒА QR-КОД ОРНАТЫЛДЫ
Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін 100-ге жуық қоғамдық орынға QR-код орналастырылды. Бұл арқылы тұрғындар құқықтық кеңес алып, өз ұсыныстарын жолдай алады.
Учаскелік полиция инспекторлары QR-кодтарды адам көп шоғырланатын орындарға орналастырды. Сонымен қатар 130 тұрғынның үй-жайы тексеріліп, интернет-алаяқтықтан сақтану туралы 300-ден астам жадынама таратылды. Ал Мақтаарал ауданында полиция есебінде тұрған 133 азамат тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Тәртіп сақшылары жалға берілетін пәтерлерді, саяжайларды, қараусыз қалған ғимараттарды, шаруа қожалықтарын және шалғай елді мекендерді аралау жұмыстарын жалғастырып жатыр.