ОҚУШЫЛАРҒА АМАНДАСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ҮЙРЕТІЛЕДІ
Елімізде енді мектеп оқушыларына амандасу мәдениеті үйретілмек. Оқу-ағарту министрлігі балалардың үлкенге құрмет көрсетуіне қатысты арнайы ұсынымдар әзірлеп жатыр.
Ұлттық білім академиясы арнайы жұмыс тобын құрған. Оның құрамында ғалымдар, сарапшылар және азаматтық қоғам өкілдері бар. Олар оқушылар арасында амандасу мәдениетін қалыптастыруға көмектесетін әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде. Ведомство өкілдері амандасу мәдениеті ұлттық дәстүрлерді сақтауға, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге және адамдар арасындағы сыпайылықты қалыптастыруға ықпал ететінін айтады. Алайда ұсынымдардың нақты қашан дайын болатыны және мектептер үшін міндетті талапқа айнала ма, жоқ па әзірге белгісіз.