Негізгі Жаңалықтар СТУДЕНТТІК ҰЙЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

СТУДЕНТТІК ҰЙЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ұйымдар мен үйірмелер жәрмеңкесі өтті. Студенттер аллеясында ұйымдастырылған іс-шара жастардың шығармашылық қабілетін танытып, белсенділігін арттырды.


Студенттік шақ – біліммен қанаттанып, қабілетіңді танып, өмірлік бағытыңды айқындайтын кезең.  Бұл уақытта жастар шығармашылығын шыңдап, жаңа ортаға бейімделеді. Білім алушының талабын тану үшін ұйымдастырылған жәрмеңкеге бірінші курс студенттері жиналды. Іс-шараның ашылу салтанатында университет ректоры сөз сөйлеп, жастардың бастамаларына қолдау білдірді. Ол студенттік ұйымдарға қатысу көшбасшылық қасиетті қалыптастырып, шығармашылық қабілетті дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.


ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫ
Бұл-тек жәй жәрмеңке емес, бұл студенттердің білімі, еңбегі тоғысқан үлкен қуаныш мерекесі. Сондықтан студенттерге алдағы уақытта шығармашылығын шыңдау үшін мүмкіндік сыйлауға дайынмын.


Мерекелік бағдарлама ән мен биге ұласты. Студенттер заманауи әндер орындап, мюзиклдер мен пародиялық қойылымдар ұсынды. Әр ұйым өз қызметін ерекше таныстырып, кештің көркін қыздырды.


НҰРЗАТ ЖҰМАН, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ СТУДЕНТТІК РЕКТОРЫ
Бұл іс-шараның мақсаты–студенттердің қызығушылығын ашып, бойындағы талантын шыңдау.Бүгін сегіз ұйым өз ұйымдарын таныстырады.Бұл арқылы олар студенттік шақты қызықты етіп өткізеді.


Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға демеушілер атынан сыйлықтар берілді. Ал студенттер қызығушылығына сай ұйымды таңдады.

Бөлісу