ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН
Шымкентте халқымыздың музыкалық мұрасы дәріптелді. Қалада Республика күніне орай «Шымкент сазы» дәстүрлі өнер кеші өтті.
Концертте «Қаратау» фольклорлық ансамблі мен «Қазына» би ансамблі өнер көрсетіп, ұлттық өнеріміздің мән-мағынасын айшықтай түсті. Сондай-ақ елімізге танымал дәстүрлі орындаушылар сахна төрінде өз шеберліктерін ортаға салды. Кеш барысында көрермендер Кетбұға, Сүгір, Қазанғап пен Құрманғазының өлшеусіз күйлерін, Асан Қайғы мен Нартайдың терең мағыналы термелерін тыңдады. Халық әндері мен белгілі композиторлардың туындылары жанды дауыста шырқалып, өнерпаздар жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді.
ҚУАНЫШБЕК ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ, «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Өнерді дәріптейтін, қазақилықтың иісін аңқытатын, өзге концерттерден өзгеше концерт болады.Халықтың құлағында жүрген әндер, есті әндер орындалады, дәстүрлі ән шеруі болады.Концертте керемет әндер орындалады.