Негізгі Жаңалықтар АРДАГЕРЛЕР БИЛЬЯРДТАН ЖАРЫСТЫ

АРДАГЕРЛЕР БИЛЬЯРДТАН ЖАРЫСТЫ

АРДАГЕРЛЕР БИЛЬЯРДТАН ЖАРЫСТЫ

Шымкентте ардагерлер арасында бильярдтан жарыс ұйымдастырылды. Додаға 60 жастан асқан әуесқой спортшылар қатысып, шеберліктерін ортаға салды. Қариялар дәлдік пен ептілікті талап ететін спорт түрінен бақ сынады.

Бильярдтан қала аудандарында іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Әр спорт түрінен үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар қалалық додаға жолдама алады. Қалалық жарыс 20-21 қазан күндері өтеді.

КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Халықаралық қарттар күніне орай федерация басшыларының қатысуымен ардагерлер арасында бірқатар спорттық жарыс ұйымдастырылып жатыр. Біздің мақсатымыз – ардагерлерді спортпен тұрақты түрде айналысуға насихаттау, олардың белсенділігін арттыру және денсаулығын нығайту. Бұл жерде ең бастысы – жарыстың нәтижесі емес, ардагерлердің спортқа қызығушылығын арттыру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бильярд – жас талғамайтын спорт түрі. Сондықтан оған әр жастағы азамат қатыса алады. Жарыс ардагерлердің белсенді өмір салтын қолдап, бильярд спортына қызығушылықты арттыруға бағытталған.

ЕРЖАН БАЙМАҒАНБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ БИЛЬЯРД СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бүгінгі жарыс екі күнге жоспарланып отыр. Басты мақсатымыз – қариялардың көңілінен шығу, олардың белсенді өмір салтын қолдау және бильярд спортының бұқаралық деңгейін көтеру. Сонымен қатар жастарды осы спорт түріне баулу да маңызды міндеттердің бірі.

Ардагерлерді спортқа тарту – жарыстың негізгі бағыттарының бірі. Биыл республика бойынша ардагерлер ұйымының құрылғанына 40 жыл толып отыр. Осыған орай қалада ардагерлер арасында спорттың төрт түрінен жарыстар ұйымдастырылуда. Оның қатарында бильярд, шахмат және басқа да спорт түрлері бар.



Бөлісу