ЖАСТАРДЫҢ БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЯРЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мектептегі алғашқы әскери дайындық сабағын қалай қызықты әрі тиімді өткізуге болады? Шымкентте жастардың бастапқы әскери даярлығы талқыланды.
Жиында қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері, білім басқармасының мамандары, әскери оқу орнының өкілдері мен ардагерлер бастапқы әскери даярлықтың маңызына ғана емес, әскери-патриоттық тәрбиенің рөліне де тоқталды. Мамандар жастарға әскери қызметке дайындық бағыттарын түсіндіріп, жоғары әскери оқу орындарына түсу талаптары туралы ақпарат берді. Кездесу соңында қатысушылар тәжірибе алмасып, алдағы уақытта бастапқы әскери даярлықты жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
ӘЖІМҰХАН ШЫНТАЕВ, ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Негізгі мақсат – оқу орындардағы әскери патриоттық жұмыстың жай-күйі. Сонымен қатар, еліміздегі әскери оқу орындарына іріктеу мәселелері қаралды. Жұмыс барысында қазіргі жастарымыздың арасында отансүйгіштік жағдайы талқыланып, алдағы уақытта әскер қатарына шақыратын жас түлектердің де мәселесі талқыланды.