БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Шымкентте «Әділет» партиясы білім саласының үздіктерін марапаттады. «Ұстаз айтса» диалогтық алаңшасы аясында өткен кездесуге партия белсенділері жиналды. Олар салаға қатысты талап-тілектерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Әділет партиясы білім беру жүйесінің түйткілді мәселелерін көтеру мақсатында ашық диалог алаңын құрды. Мұнда ұстаздар пікірін айтып, түрлі тақырыпты қаузап, ұсынысын жеткізе алады.Мереке қарсаңында өткен басқосуға 25 мыңға жуық мұғалім қатысты. Ал бүгін партияның Шымкент қалалық филиалы қоғамдық жұмыста белсенділік танытып, білім саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген мамандарды марапаттады.
РАУШАН РСЫМБЕТОВА, С.НҰРМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ №72 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Жалпы еңбек өтілім-37 жыл.Бүгін «Әділет» партиясы ұстаздардың еңбегін елеп, марапат ұсынып жатыр.Жалпы, партияның жұмысын белсене араласамыз.Осылай құттықтап жатқандарына ерекше алғыс білдіремін.
Бұл қолға алынған алғашқы бастама емес. Партия өкілдері ұстаздармен үнемі кездесу өткізіп, мамандардың мәселесін мінберге жеткізу үшін аянбай қызмет етіп келеді.
МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Партияның 40 мыңға жуық мүшесі болса, оның 37 пайызы білім саласында қызмет ететін ұстаздар. Осы алаңшада айтылған талап-тілектерді үлкен мінберге жеткіземіз.Шымкенттен құрылтай сайлауына бес депутат сайланды.Білім саласындағы мәселелерді шешуге бірлесе атсалысамыз.
Ұстаздардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосатын үлесі орасан.Елде қабылданған жаңа заңнамалар педагог мәртебесін арттырып, мұғалімді артық жүктемеден қорғауды көздейді.Дегенмен, білім сапасын дамыту жайы назардан тыс қалмайтыны анық.