Негізгі Жаңалықтар БИЫЛ 1,6 МЫҢ АУЫЛ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ

БИЫЛ 1,6 МЫҢ АУЫЛ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ

БИЫЛ 1,6 МЫҢ АУЫЛ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Елде ауылдық елді мекендерді интернетпен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл ел бойынша 1600 ауылды байланыс желісіне қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.


Министрдің айтуынша, жоспарланған елді мекендердің 370-і қазірдің өзінде интернетке қосылған. Ауылдарға тартылған байланыс желілерінің жалпы ұзындығы 12 мың шақырымға жеткен. Цифрлық инфрақұрылым қалаларда да кеңейіп келеді. Бүгінде 20-дан астам елді мекенде 5G желісінің 4 мыңнан астам базалық стансасы орнатылған. Бұдан бөлек, ұялы байланыс жетпейтін аумақтарды қамту үшін жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Жаңа жүйе арқылы қолданушылар елдің кез келген нүктесінен хабарлама жолдай алады.  Яғни, ұялы байланыс мұнарасы жоқ шалғай аумақтарда да желіден үзілмейді.  Интернетпен қамту жұмыстары көлік пен туризм салаларын да қамтиды. Қазір теміржол мен әуе көлігінде, сондай-ақ туристік нысандарда сапалы байланыс орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу