Негізгі Жаңалықтар 24/7 ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КІТАПХАНА

24/7 ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КІТАПХАНА

24/7 ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КІТАПХАНА

Кітап оқып, білім алғысы келетін оқырманға енді уақыт шектеуі жоқ. Шымкенттегі Пушкин кітапханасы 24/7 жұмыс режиміне көшті. Енді мұнда тәуліктің кез келген уақытында келіп, қажетті әдебиетті оқуға мүмкіндік бар.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Сағат тілі 23:50-ді көрсетіп тұр. Мемлекеттік мекемелердің дені жұмысын әлдеқашан аяқтаған. Ал түнгі уақытта да қызметін жалғастырып жатқан бір ғана нысан бар. Ол – кітапхана.


Жастар жаңа күнді клубта емес, кітапханада қарсы алады. Білім ордасы тәулік бойы жұмыс істейді. Күндіз қызметтен қолы босамайтындар кешкісін келіп, кітап оқып, қажетті ақпаратын алады.


ЖАНАТ АСҚАРБЕКҚЫЗЫ, ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Қазіргі таңда Пушкин кітапханасы 24/7 жұмыс істеп жатыр. 7 шілдеден бастап. Бірақ біз ақпан айында пилоттық жоба ретінде кешкі 10-ға дейін жұмыс істедік. Аптасына үш мезгіл. 00:06–00:19, 00:55–01:04 // C4375 Сол кезде біздің оқырмандарымыз артты. Соған байланысты 24/7 жұмыс істеуге көштік. Осыған қарап, біз кітапқа деген қызығушылықтың жоғары екенін аңғардық.


Медицина саласында оқитын Мөлдірдің сабақ жүктемесі көп. Таңнан кешке дейін дәріс тыңдап, тәжірибеден өтеді. Ал кешкісін ойын-сауық орнын емес, кітапхананы таңдайды. Мұнда келіп, кітап оқып, қажетті ақпаратын алады.


МӨЛДІР ҮСЕН, СТУДЕНТ

Күні бойы сабақта, практикада болып, кітап оқуға уақыт таппаймын. Ал түнгі кітапхана жобасы мен үшін тиімді болды. Кешкісін осында келіп, қажетті ақпараттарды аламын.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Мамандардың айтуынша, қазір оқырман кітапты талғап оқиды. Салалық әдебиетке сұраныс жоғары. Мотивациялық шығармалар да көп оқылады. Көркем әдебиетті іздейтіндер де аз емес. Демек, кітапқа деген сұраныс уақытқа қарамайды.


РАУШАН ТЕҢЛІБАЕВА, ӨНЕР, ӘДЕБИЕТ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Д.Исабековтың шығармалары сұранысқа ие. М.Әуезовтың «Абай жолын» таласып оқиды оқырмандар. Мемлекет басшысы оқыған жеті кітапты да іздеп келетіндер көп.

Ғалымдардың зерттеуінше, фильм көргенде ми дайын ақпаратты қабылдайды. Ал кітап оқыған адам оқиға мен кейіпкерлерді қиялында елестетеді. Яғни, кітап оқу кезінде ми белсендірек жұмыс істейді. Бұл есте сақтау қабілетін жақсартып, ойлау мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу