Негізгі Жаңалықтар «ОҚЫРМАН ҰРПАҚ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«ОҚЫРМАН ҰРПАҚ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«ОҚЫРМАН ҰРПАҚ» ҚОЗҒАЛЫСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістанда жастарды кітап оқуға баулып, әдебиетке қызығушылығын арттыруға бағытталған «Оқырман ұрпақ» қозғалысы іске қосылды. «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы Жастар қанатының бастамасымен қолға алынған жоба «Бір ай – бір кітап – бір кездесу» бағыты бойынша жүзеге асады.


 «Оқырман ұрпақ» қозғалысы өңір жастарын кітап оқуға ынталандырып, көркем және танымдық әдебиетке қызығушылығын арттыруды көздейді. Жоба аясында жастарды біріктіретін кітап клубтарын құру жоспарланған.


АЙГЕРІМ АСҚАР, «ЖАҢА ТОЛҚЫН» КЛУБЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Жастардың кітапқа ұмтылысы, кітап оқуы, әдеби шараларға қатысуы – болашағымыздың көркеюіне үлкен үлес қосатын іс деп ойлаймын. Жастар тек еңбекпен емес, ақыл-біліммен де алға ұмтылатын заман. Кітап оқып, әдеби ортада жүрген сайын адамның ішкі дүниесі байып, ой-өрісі кеңейеді.


Кездесу барысында жастарға алғашқы оқу тапсырмасы да берілді. Ұйымдастырушылар көрнекті жазушы-драматург Әкім Таразидің «Мұстафа Шоқай» романын оқуға ұсынды.


ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мұнда табандылықты үйренуге болады. Бизнесте де, өмірде де білімді болумен қатар, табанды болу маңызды. Табанды адам ғана мақсатына жетеді. Қазақтың зиялысы, әлемге танылған Мұстафа Шоқайдың өмір жолы да жастарға үлкен үлгі. Сондықтан осы шығарманы оқуға ұсынамын.


Алдағы уақытта «Оқырман ұрпақ» өңір жастарын біріктіретін тұрақты әдеби алаңға айналмақ. Мұнда ай сайын кітап оқу, шығармаларды талқылау, пікір алмасу, авторлармен және зиялы қауым өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған. Сондай-ақ жастардың шығармашылық жобаларына да қолдау көрсетіледі.


Бөлісу