Негізгі Жаңалықтар «ДАЛА ДӘМІ» ЖӘРМЕҢКЕСІ

«ДАЛА ДӘМІ» ЖӘРМЕҢКЕСІ

«ДАЛА ДӘМІ» ЖӘРМЕҢКЕСІ

Түркістанда «Дала дәмі» жәрмеңкесі басталды. Мұнда тұрғындарға күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері нарықтағыдан төмен бағамен ұсынылуда. Өнім өндірушілер тауарын делдалсыз саудалап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға үлес қосуда.


Керуен сарайда ұйымдастырылған жәрмеңкеге қала мен аудандардан келген кәсіпкерлер өз өнімдерін шығарды. Тұрғындар ет, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, ұн және басқа да қажетті тауарларды тікелей өндірушілерден сатып алды. Сауда сөрелеріне 50 тоннаға жуық өнім қойылған. Бағасы нарықтағыдан шамамен 20 пайыз төмен. Бұл тұрғындарға тиімді бағада сауда жасауға мүмкіндік беріп отыр. Жәрмеңке отандық және жергілікті өндірушілер үшін де тиімді. Кәсіпкерлер өнімдерін тұтынушыға тікелей ұсынып, сұранысты саралауға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары екенін айтып, жәрмеңкені алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.


ӨРКЕН НАЗАРҚАСЫМ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САУДА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ

Азық-түлік жәрмеңкесіне 50 тоннаға жуық өнім шығарылды. Өнімдер негізінен нарықтағы бағадан 20 пайызға төмен сатылуда. Жәрмеңкеге қала мен аудандардан келген кәсіпкерлер өз өнімдерін қолжетімді бағамен ұсынып жатыр. Жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Бөлісу